Бурабайға барар жолда жантүршігерлік апаттан бір адам қаза тапты
Екі көліктің қандай жағдайда соқтығысқаны белгілі болды

Астана мен Көкшетау арасындағы автобан жолында адам шошырлық жол апатынан кроссовердің жүргізушісі қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Полиция департаментінің мәліметінше, Астана-Көкшетау тас жолында болған жол-көлік оқиғасына байланысты қылмыстық іс қозғалды.
ЖОЛ АПАТЫ ҚАНДАЙ ЖАҒДАЙДА БОЛДЫ?
Алдын ала мәлімет бойынша, Hyundai Tucson көлігінің жүргізушісі Астана бағытына қарай қозғалып келе жатып, алдында бір бағытта кетіп бара жатқан жүк көлігі – Hyundai автокөлігімен соқтығысқан.
ЖОЛ АПАТТАН ҚАЙ КӨЛІКТІҢ ЖҮРГІЗУШІСІ ҚАЗА БОЛДЫ?
«Соқтығыс салдарынан жеңіл көліктің жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Қазіргі уақытта тиісті тексеріс жүргізілуде.
Астана қаласының Полиция департаменті жүргізушілерге жол қозғалысы қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтаудың маңыздылығын ескертеді», - делінген ведомство хабарламасында.
Айта кетейік, Алматы облысында жантүршігерлік жол апатынан бүтін бір отбасы қаза тапқаны хабарланған болатын.