$ 506.21  568.42  6.3
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Астанада жөндеу жұмысына байланысты қай көшелер жабылғаны белгілі болды

Елорда әкімдігі жабық көшелердің тізімін жариялады

Астанада жөндеу жұмысына байланысты қай көшелер жабылғаны белгілі болды
Фото: istockphoto.com

Астанада жөндеу жұмысына байланысты бірқатар көше жабылды. Астана әкімдігі жөндеу жүріп жатқан көшелердің тізімін жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Толығымен жабылған көшелер:

  • 20 сәуірден 20 тамызға дейін – Бұқар Жырау көшесінің Тәуелсіздік даңғылынан Қ.Қайсенов көшесіне дейінгі учаскесінде (Кварталішілік жолдармен баламалы қозғалыс ұйымдастырылады);
  • 9 сәуірден 30 тамызға дейін – Күйші Дина көшесі Мирас мектебінен М.Жұмабаев даңғылына дейін;
  • 29 сәуірден 30 тамызға дейін – Ж.Молдағалиев көшесі Е-41 көшесінен Е-32 көшесіне дейін (Қозғалыс балама көшелер мен кварталішілік жолдармен ұйымдастырылған);

Ішінара жабылған көшелер:

  • 11-18 мамыр аралығында – Күршім көшесі Болашақ көшесінен Жаңақоныс көшесіне дейін (Көлік қозғалысы екі бағытта да тараптардың бірі бойынша қамтамасыз етілген);
  • 11-17 мамыр аралығында – Ш.Айтматов көшесі Ж.Молдағалиев көшесінен Ұлы Дала даңғылына дейін (көлік қозғалысы екі бағытта тараптардың бірі бойынша қамтамасыз етілген);
  • 10-20 мамыр аралығында – Аркар көпірі (М1) (көлік қозғалысы екі бағытта тараптардың бірі бойынша қамтамасыз етілген);
  • 9-19 мамыр аралығында – М.Жұмабаев даңғылы Б.Момышұлы даңғылынан Балқантау көшесіне дейін (көлік қозғалысы екі бағытта тараптардың бірі бойынша қамтамасыз етілген);
  • 5-15 мамыр аралығында – Кенесары көшесі Ә.Сембинов көшесінен Е. Брусиловский көшесіне дейін (көлік қозғалысы екі бағытта тараптардың бірі бойынша қамтамасыз етілген);
  • 1 мамырдан 1 тамызға дейін – Ш. Бейсекова көшесі мен Н.Тілендиев даңғылының қиылысындағы көлік айырбасы (қозғалыс екі бағытта да 6 жолақты жолмен уақытша ұйымдастырылған);
  • 12-15 мамыр аралығында – Фахт бен Абдул Азиз және С.Қожахметов көшелері Ш.Бейсекова көшесінен К.Байсейітова көшесіне дейінгі учаскеде.
  • 13-14 мамыр күндері – Абылай хан даңғылы мен Б.Майлин көшесі қиылысы
  • 14-25 мамыр күндері – Ш.Қалдаяқов көшесі Тәуелсіздік даңғылынан Ж.Нәжімеденов көшесіне дейін.

«Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылды», - делінген әкімдік хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары