08.06.2020, 02:37
Жаңалықтар
Атырау облысында 600 келіден астам бекіре тиелген көлік ұсталды
Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр
Фото: polisia.kz
Атырау облысы Полиция Департаментінің қызметкерлері арнайы жедел операция барысында Құлсары-Сарықамыс тас жолы бойында аса ірі көлемде, жалпы салмағы 600 келіден астам бекіре балық тиелген көлікті ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
«Сотқа дейінгі тергеп-тексеру ҚР Қылмыстық Кодексiнің 339-бабы (өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) бойынша жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық іс-жүргізу кодекстің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды», - деп жазылған хабарламада.
Көп оқылған
10.10.2026, 08:29
«Куәгер болған»: Ақмола облысында дәрігер өз-өзіне қол жұмсады
10.10.2026, 20:17
Күніне 30–40 мың теңге таппақ болған жасөспірім 5 жылға сотталып кетті
10.10.2026, 15:12
Түркияда 15 жасқа дейінгі балалар енді әлеуметтік желі пайдалана алмайды
10.10.2026, 10:08
Қазақстанның жеті қаласында ауа сапасы нашарлайды
10.10.2026, 10:31
Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасына 7 миллион адам қатысты