Коронавирус: Меморгандар мен ұлттық компаниялардың жұмыс тәртібі бекітілді
Қызметкерлердің кемінде 50%-ы қашықтықтан жұмыс істеу нысанында қалады
ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова Қазақстанда мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялар мен өзге де кеңселердің жұмыс тәртібін бекітті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері, орталық мемлекеттік органдар, құқық қорғау және арнайы органдар COVID-19 сырқаттанушылығының өсуі 7 күн ішінде 5%-дан аспайтын деңгейге жеткен жағдайда осы қаулыға 23-қосымшаға сәйкес әлеуметтік қашықтықты және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, мемлекеттік органдардың (ұйымдардың), ұлттық компаниялардың, басқа да кеңселердің қызметін қамтамасыз етсін. Бұл ретте қызметкерлердің кемінде 50%-ы қашықтықтан жұмыс істеу нысанында қалады (штат кестесінде 30-дан астам қызметкер болғанда)», - делінген қаулыда.
Осы қаулыға сәйкес әкімдіктер әлеуметтік қашықтықты және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, мемлекеттік органдардың (ұйымдардың), ұлттық компаниялардың, басқа да кеңселердің қызметін қамтамасыз етеді. Бұл ретте қызметкерлердің кемінде 80%-ы қашықтықтан жұмыс істеу нысанында қалады (штат кестесінде 30-дан астам қызметкер болғанда).