$ 510.06  566.32  6.32
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Таза Қазақстан»: жыл басынан бері 121 мың тоннадан астам қоқыс жиналып, 584 мың гектар жер тазартылды

Іс-шараларға 1,4 миллионға жуық адам қатысты, оның ішінде 82 мың ерікті бар

«Таза Қазақстан»: жыл басынан бері 121 мың тоннадан астам қоқыс жиналып, 584 мың гектар жер тазартылды
Фото: Жамбыл облысының әкімдігі

Елімізде 2025 жылдың басынан бері «Таза Қазақстан» бастамасы аясында 405 іс-шара өткізілді. Атап айтқанда: «Таза қала», «Таза аймақ», «Таза жағалау», «Қалаға ағаш», «Мөлдір бұлақ», Халықаралық құстар күні, «Жер сағаты» және басқа да акциялар ұйымдастырылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Негізгі нәтижелер:

  • 121 мың тоннадан астам қалдық жиналды;
  • 584 мың гектарға жуық аумақ тазартылды;
  • 1,7 миллионнан астам ағаш көшеті отырғызылды. Іс-шараларға 1,4 миллионға жуық адам қатысты, оның ішінде 82 мың ерікті бар.

Экология министрлігінің мәліметінше, ЖОО мен мектептерде экосағаттар аясында экология департаменттерінің зертханаларына экскурсиялар мен дәрістер өткізілді. 5000-нан астам студент экологиялық мониторинг құралдарымен танысты.

Су айдындарын тазарту кезінде 342 балық аулау торы жиналды, 21 бұлақ қалпына келтірілді, мектеп оқушылары 1982 ұя (құс үйшігі) орнатты.

21-23 сәуір аралығында Астанада мемлекет басшысының қатысуымен «Таза Қазақстан» экофестивалі өтті. Көрме алаңында келесідей жобалар таныстырылды:

  • Қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату жобалары;
  • Ірі өнеркәсіптік компаниялардың бастамалары (ERG, ТШО, КПО, Қазақмыс);
  • Халықаралық жасыл технологиялар орталығының қолдауымен экостартаптар;
  • Мектеп оқушыларының экологиялық жобалары.

Көрмені 1500-ден астам адам, соның ішінде елорда ЖОО-лары мен колледждерінің студенттері тамашалады.

«Таза Қазақстан» бастамасы аясында халықпен кері байланыс орнату мақсатында Telegram-да чат-бот жұмыс істеп тұр. Бұл чат-бот арқылы әрбір азамат ластанған аумақтың фотосын және геолокациясын жолдай алады. Өтінімдер автоматты түрде тиісті органдарға жіберіліп, жедел түрде қарастырылады.

Чат-бот іске қосылғаннан бері жүйеге 18322 өтінім келіп түсті, оның 16907-сі орындалды. Чат-ботты ең белсенді қолданатындар – Алматы мен Астана қалаларының, сондай-ақ Түркістан облысының тұрғындары.

Серіктес жаңалықтары