12.05.2025, 15:10
Жаңалықтар
Алматыда есірткі жарнамасын таратып жүрген күдікті ұсталды
Жеке тінту кезінде одан бояулар мен ұялы телефон тәркіленді
Фото: Алматы қаласы ПД
Алматыда қабырғаларға есірткі сататын сайттардың жарнамасын жазып жүрген ер адам ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жеке тінту кезінде одан бояулар мен ұялы телефон тәркіленді.
Осыған қатысты қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
«Полиция, есірткі заттарды, оның ішінде граффити түрінде насихаттауға және жарнамалауға қатысу қылмыстық жауапкершілікке және бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға тартылатынын еске салады», - деді Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев.
Көп оқылған
11.11.2026, 14:42
«Осылай қартайып өтпекпіз бе?»: АҚШ-қа көшкен өскемендік ата мен әжей жаңа өмірі туралы сыр шертті (ВИДЕО)
11.11.2026, 08:34
Астанада екі оқушы қыздың өліміне қатысты жаңа деректер шықты
11.11.2026, 15:55
«Директордың күйеуі балаларды құшақтап, ұйықтатады екен»: Астанадағы жекеменшік балабақшадан дау шықты
11.11.2026, 20:33
Семейде бес күннен бері іздестірілген ер адамның мәйіті табылды
11.11.2026, 07:21
Аяз, қар, жаңбыр: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды