Алдағы күндері Қазақстанда күн күркіреп, жаңбыр жауады
Ал оңтүстікте қатты ыстық күтіледі

«Қазгидромет» мамандары алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады. Еліміздің көптеген өңірінде өткінші жаңбыр мен найзағай күтілсе, оңтүстік аймақтарда аптап ыстық орнайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
12 мамырда жауын-шашынсыз, түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал. Оңтүстік-батыстан соғатын жел 7–12 м/с. Ауа температурасы түнде +9…+11°C, күндіз +25°C-қа дейін жылытады.
13 мамырда күн ашық, жел солтүстік-шығысқа ауысады. Түнде +13…+15°C, күндіз +28°C-қа дейін көтеріледі.
Алматыда 11 мамырда күндіз және таңертең жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел екпіні – 13 м/с. Ауа температурасы түнде +14…+16°C, күндіз +22…+24°C. 12 мамыр – түнде жаңбыр, күндіз +23…+25°C. 13 мамыр – жауын-шашынсыз, күн +28°C-қа дейін ысиды.
Шымкентте үш күн қатарынан жауын-шашынсыз болады. Ауа температурасы күн сайын жоғарылап, 11 мамырда +30…+32°C болса, 13 мамырда +35°C-қа дейін жетеді.
Синоптиктер найзағай мен бұршақ кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтауға, ал оңтүстіктегі тұрғындарға аптап ыстықта сақ болуға кеңес береді.