11.05.2025, 14:44
Жаңалықтар
Ақтаудың бір бөлігі ауыз сусыз қалды
Қалада су құбыры жарылған
Фото: © istockphoto.com
11 мамыр күні Ақтау қаласының бірнеше шағынауданында ауыз су беру уақытша тоқтатылды. Бұл туралы lada.kz басылымы жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Каспий жылу, су арнасы» мемлекеттік кәсіпорнының мәліметінше, 22-шағынауданда су құбыры жарылып, салдарынан бірнеше тұрғын үй мен нысандар сусыз қалды. Қазір апат орнына жөндеу бригадасы жіберілген.
Ауыз су толықтай тоқтаған мекендер қатарына мыналар кіреді:
- 22-шағынаудан;
- 6А шағынауданындағы «Kuat» моншасы;
- 21-шағынаудағы караоке-бар «Эдем», кафе, автомойка «Куан»;
- «Kazfruit» кәсіпорны;
- Жол-құрылыс компаниясы ИП Гатин;
- «QazaqGaz Aimaq»;
- КНС-5 кәріз насос станциясы;
- Маңғыстау энергетикалық колледжі мен политехникалық колледжі;
- Әділет департаменті;
- АО «Каскор-Транссервис»;
- 3Б шағынауданындағы Ақтау әлеуметтік бейімдеу орталығы.
Кәсіпорын өкілдері ауыз судың берілуі шамамен 11 мамыр кешкі сағат 20:00-де қайта қалпына келтірілетінін мәлімдеді. Жөндеу жұмыстары аяқталған соң су беру біртіндеп қалпына келтірілмек.
Көп оқылған
29.09.2026, 13:55
Бес жасар қыз баланы балабақша қызметкері бірнеше рет зорлаған: іске президенттің қызы араласты (ВИДЕО)
29.09.2026, 14:25
«16 жеріне пышақ сұққан»: Астанада әйел адамның өлімінен кейін 4 экс-полицей ұсталды (ВИДЕО)
29.09.2026, 09:32
«Қалай болғанда да жетемін»: Қостанай облысында екі көлік бетпе-бет соғылып, бір адам көз жұмды
29.09.2026, 17:39
«Мен де аза тұтуым керек пе?»: блогер Ирина Антоненко қаралы күні эфирде билеп, былапыт сөздер айтты (ВИДЕО)
29.09.2026, 13:35
Астанада жүкті әйелдің егіз сәбиі шетінеп кетті