11.05.2025, 14:25
Жаңалықтар
Алматыда жекеменшік тұрғын үйден шыққан ірі өрт сөндірілді
От тұрғын үйдің шатырында тұтанған
Фото: ТЖМ
11 мамыр күні Алматы қаласының Әуезов ауданындағы Мамыр-4 шағынауданында орналасқан жекеменшік тұрғын үйден шыққан ірі өрт толық сөндірілді. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ведомствоның хабарлауынша, от тұрғын үйдің шатырына тұтанып, кейін қойма ретінде пайдаланылған жеке құрылысқа өткен. Алайда құтқарушылардың шұғыл әрекетінің арқасында өрттің көрші ғимараттарға таралуына жол берілмеді.
«Қабылданған шаралардың нәтижесінде өрт 290 шаршы метр аумақта сөндірілді», – делінген ресми ақпаратта.
Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Көп оқылған
14.08.2026, 08:41
Оралда сегіз жасар қыз септикке құлап, көз жұмды
14.08.2026, 10:46
«Бордюр мен автобус арасынан өтпек болған»: елордада самокат мінген жасөспірім автобустың астына түсті
14.08.2026, 15:20
Бір ай комада жатты: Астанада аттан жығылған қыз ауруханада көз жұмды
14.08.2026, 15:50
Аптап ыстықтың беті қайта ма: алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы жарияланды