Бекзат Алмахан UFC-де қарсыласын 64 секундта нокаутқа түсірді (ВИДЕО)
Жарыс Канада өткен

Қазақстандық ММА спортшысы Бекзат Алмахан UFC турнирінде жарқын жеңіске жетті. Монреальда (Канада) өткен жарыста ол жергілікті файтер Брэд Катонды небәрі 64 секунд ішінде нокаутқа түсірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
Катон кәсіби мансабында алғаш рет мерзімінен бұрын жеңіліске ұшырап отыр. Ол 2014 жылдан бері жекпе-жек өткізіп келеді және осыған дейін тек төрешілердің шешімімен ғана ұтылған. Бекзатқа дейін оны Мераб Двалишвили, Хантер Азур, Гарретт Армфилд және Джин Мацумото секілді танымал қарсыластар ғана ұтқан болатын.
Айта кетейік, Бекзат Алмахан UFC-дегі дебютін 2024 жылдың наурызында жасаған. Ол кезде Умар Нурмагомедовке ұпай бойынша жол бергенімен, жекпе-жек барысында қарсыласын нокдаунға жіберіп, өзін мықты қырынан көрсете алған еді.