11.05.2025, 15:29
Жаңалықтар
Астанада көпірдің аркасына шығып кеткен адам құтқарылды
Құтқарушылар оны полиция қызметкерлеріне тапсырды
Фото: ТЖМ
Бүгін Астананың Сарыарқа ауданында құтқарушылар ерекше жағдайға байланысты жедел құтқару операциясын сәтті жүзеге асырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
1993 жылы туған ер адам Қараөткел көпірінің аркасына шығып кеткен. Бұл туралы шұғыл қызметке хабарлама түсісімен, қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағы оқиға орнына дереу жеткен.
Құтқарушылар ер адамды аман-есен төмен түсіріп, полиция қызметкерлеріне тапсырды. Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Көп оқылған
30.06.2026, 11:58
Атырауда «Нива» мінген жас жігіт дрифт жасаймын деп басы дауға қалды
30.06.2026, 16:10
«Қайын жұртын қырып салған»: Сұлтан Сәрсемәлиевтің ешкім білмеген былықтары әшкере болды
30.06.2026, 10:37
Актер Нұртас Адамбай АҚШ-қа көшіп кетті
30.06.2026, 10:49
Атырау облысында кәсіпкерлер құны 619 млн теңге тұратын мыңдаған гектар жерінен айырылып қалды