Қазақстанның үш қаласында ауа сапасы нашарлайды
Мамандар тұрғындарды таза ауада серуендеуді шектеуге шақырды

2025 жылдың 11 мамырында еліміздің үш қаласында атмосфералық ауаның ластану деңгейі жоғарылауы мүмкін. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Синоптиктердің мәліметінше, Жезқазған, Балқаш қалаларында және Атырау қаласында (түнгі уақытта) қолайсыз метеожағдайлар (ҚМЖ) күтіледі.
Қолайсыз метеожағдайлар – бұл тұман, штиль, желдің әлсіздігі, температуралық инверсиясияқты қысқа мерзімді метеофакторлардың үйлесімі. Мұндай жағдайларда зиянды заттар ауада шоғырланып, атмосфералық ауаның сапасы төмендеуі мүмкін.
Мамандар тұрғындарды таза ауада серуендеуді шектеуге, ашық терезелерді азайтуға және денсаулығына мұқият болуға шақырады. Әсіресе, жас балалар, жүктілер және тыныс алу жолдары сырқаттарына шалдыққандарға ерекше сақтық қажет.