11.05.2025, 00:47
Жаңалықтар
Ақтауда мейрамхана жанында жаппай төбелес болды
Оқиға 9 мамырға қараған түні болды
Фото: Видеодан скрин
Әлеуметтік желіде Ақтауда жол бойындағы төбелестің видеосы жарияланды. Оқиға Ақтауда 9 мамырға қараған түні болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттігі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.
Куәгер түсірген кадрда облыс орталығындағы 5-шағын ауданда орналасқан «Пинта» мейрамханасына қарама-қарсы жол бойында он шақты жігіттің төбелесіп жатқанын көруге болады.
Оқиға жолда көлік кептелісін тудырды. Видеода оқиға орнына полицияның жеткені де көрінеді. Төбелескендер ұсталды.
«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер қамауға алынды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - делінген хабарламада.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: Оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді