10.05.2025, 23:59
Жаңалықтар
«Ерте күйеуге шықпаңдар, карьера жасап алыңдар»: атышулы блогер қыздарға ақыл айтты (ВИДЕО)
Блогер өз сөзінде қыздарға тұрмысқа шығуға асықпау керек екенін ерекше айтты
Фото: Instagram/assel.askar
Танымал актриса, блогер Әсел Асқар бойжеткен қыздарға ақыл айтамын деп сынға ұшырады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Блогер өз сөзінде қыздарға тұрмысқа шығуға асықпау керек екенін ерекше айтты.
«Ерте күйеуге шықпаңдар. Карьера жасап алыңдар, міндетті түрде. Қаржылай қауіпсіздікті міндетті түрде жасаңдар. Еркек бүгін бар, ертең жоқ. Баланы өзің үшін туып алыңдар. Қанша тапсаңдар да өздерің қамтамасыз ете алатындай болсын», - деді Әсел Асқар.
Алайда, оның бұл пікірін желі қолданушылары қатаң түрде сынға алды.
«Ақыл сұрайтын адамды тапқан екенсің», «Онсыз да бойдақтардан құтыла алмай жатсақ», «Аузы күйген қыздың әңгімесі», - деп жазды желі қолданушылары.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: Оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді