10.05.2025, 17:13
Жаңалықтар
Қостанайда тепловоз бен жеңіл көлік соқтығысты
Зардап шеккендер жоқ
Фото: pixabay
Қостанай теміржол станциясында тепловоз бен жеңіл көлік соқтығысты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚТЖ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға 11:20 шамасында маневрлік жұмыстар жүргізіліп жатқан кезде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, жеңіл көлік жүргізушісі теміржол өткелінен өту ережесін бұзған.
«Апат салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ», — делінген компания хабарламасында.
Қазіргі уақытта оқиғаға қатысты қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр.
«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы барлық көлік жүргізушілерін теміржол өткелдерінен өту кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады.
Көп оқылған
08.10.2026, 11:18
Қазақстанда ауқатты отбасылардың 10 түрлі жәрдемақысы қысқарады: Үкімет қаулыны жариялады
08.10.2026, 09:00
Екі аптада не өзгерді: Каспийдегі трагедиядан кейін кімдер жұмысынан қуылды, кімдер қамалды
08.10.2026, 21:27
«Қазақстанда, үйінде отыр»: Непалдағы жойқын тасқын кезінде із-түссіз жоғалған бойжеткеннің біреуі аман-есен табылған
08.10.2026, 14:25
Астанада «Sardar group» компаниясы былтыр ғана салған үйден жаңбыр сорғалап тұр (ВИДЕО)