$ 518.37  609.97  6.6
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

45 млн теңге алған: Польшада ұсталған қазақстандық азамат елге экстрадицияланды

Ол Польшадан екі жүк көлігін жеткіземін деп уәде берген

45 млн теңге алған: Польшада ұсталған қазақстандық азамат елге экстрадицияланды
Фото: © istockphoto.com

Қазақстан азаматы аса ірі көлемдегі алаяқтық жасады деген күдікпен Польшада ұсталып, елімізге экстрадицияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ресми мәліметке сәйкес, күдікті 2023 жылы Польшадан екі жүк көлігін жеткіземін деп уәде беріп, жәбірленушіден 45 миллион теңге алған. Алайда ақшаны алған соң, ол елден бой тасалап кеткен.

Биыл ақпан айында күдікті Польшадағы Бодзентын қаласында ұсталып, ҚР Бас прокуратурасының сұранысы бойынша елге қайтарылды.

Ол қазір тергеу изоляторына қамалды. Бас прокуратураның хабарлауынша, оған Қылмыстық кодекстің «Аса ірі мөлшерде жасалған алаяқтық» бабы бойынша айып тағылып отыр. Бұл бап бойынша бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазасы көзделген. Іс бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Серіктес жаңалықтары