Алматыда есірткі дайындайтын жасырын зертхана жабылды
Есірткіні мессенджерлер арқылы сатқан
ҚР ҰҚК Алматы қаласы бойынша Департаменті синтетикалық есірткілерді дайындайтын жасырын зертхана жұмысының жолын кесті, - деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 2019 жылдың 24 қазанында жедел-іздестіру шаралары кезінде Алматы қаласының тұрғыны ұсталды.
Зертханадан 2 келіге жуық синтетикалық есірткілер (балама түрде 2 мың дозаға жуық) және 526 литр прекурсорлар алынып, олар сот-химиялық сараптамаға жіберілді.
Дайын психотропты заттарды сату Telegram және VIPole мессенджерлеріндегі интернет-дүкендері арқылы жүзеге асырылған.
Ұсталған «А» есімді азаматтың тұрғылықты жері бойынша сондай-ақ, есірткі сататын ірі ғаламтор-дүкендерінің бірі «Алтын Орданың» логотипі бар визит карточкасы мен тұтандырғыш табылды.
Аталған факті бойынша ҚР ҰҚК Алматы қаласы бойынша Департаменті ҚК 297 бабы 3-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған адам тергеу изоляторына қамалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Іс-шаралар Алматы қаласының прокуратурасымен бірлесіп жүзеге асырылды.