$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
28.10.2019, 12:11
Жаңалықтар

Алтынкөл станциясының бастығы 8 жылға сотталды

Жандос Ұнтақбаев бірнеше рет пара алғаны үшін сотталды

Алтынкөл станциясының бастығы 8 жылға сотталды
Фото: ашық дереккөзден

Алматы облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі бірнеше рет пара алды деген күдікке ілінген «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ филиалы Алтынкөл стансасының бастығы Ж.Т.Ұнтақбаевқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ол облыстың МКД (мемлекеттік кірістер департаменті) «Алтынкөл» Кеден бекетінің бас маманы Е.М.Төлеевпен және тауар кассасының бастығы А.М. Стамқұловамен алдын ала сөз байласып, «Алтынкөл» КБ арқылы радиациялық фоны жоғары вагондарды кедергісіз өткізгені үшін 4 млн 324 теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінген.

Сонымен қатар, Ұнтақбаев «Алтынкөл» стансасының жүк ауданының бастығы Т.П. Қалдыбаевтың көмек көрсетуімен ірі габаритті вагондарды бергені үшін 1 млн теңгеден астам сома және жұмысқа орналастырғаны үшін азаматтан 100 мың теңге көлемінде пара алған.

25.10.2019 жылы Алматы облысы Панфилов аудандық сотының үкімімен Ұнтақбаев бірнеше рет пара алғаны үшін 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Осы үкіммен Төлеев пен Стамқұлованың әрқайсысы 7 жылға, ал Қалдыбаев 2 жылға бас бостандығынан айырылды.

Аталған тұлғаларға мемлекеттік қызметте лауазымды қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыру жазасы тағайындалды.

Серіктес жаңалықтары