09.05.2025, 16:50
Жаңалықтар
Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды: алдағы үш күнде ауа райы қандай болады
Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады
Фото: © istockphoto.com
«Қазгидромет» РМК 10-12 мамыр аралығында Қазақстан бойынша ауа райына қатысты болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Оңтүстіктен жеткен циклон әсерінен көптеген өңірлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, кей жерлерде бұршақ түсуі мүмкін.
Нақты болжам:
- 10 мамырда солтүстік пен оңтүстік-шығыста,
- 10-11 мамырда шығыс өңірлерде,
- 11 мамырда батыс аймақта қатты жаңбыржауады деп күтілуде.
- Республика бойынша жел күшейіп, оңтүстік және оңтүстік-батыс өңірлерде шаңды дауыл соғуы ықтимал.
Температуралық өзгерістер:
- Солтүстік-батыста түнгі температура 6-16 градустан 10-20 градусқа дейін, күндіз 18-26 градустан 20-35 градусқа дейін жоғарылайды.
- Солтүстікте түнгі температура 10-17 градустан 5-13 градусқа дейін, күндіз 17-27 градустан 13-23 градусқа дейін төмендейді.
- Оңтүстікте түнгі ауа райы 12-20 градус жылы болса, күндіз температура 24-32 градустан 28-37 градусқа дейін көтеріледі.
- Қалған өңірлерде айтарлықтай өзгеріс болмайды.
Мамандар тұрғындарға ауа райының құбылмалы болуына байланысты алыс сапарлар мен дала жұмыстары кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертеді.
Көп оқылған
28.09.2026, 17:24
«Жиналысты азайтамыз»: су жаңа Қорғаныс министрі жаңа қызметте бірінші кеңесін өткізді
28.09.2026, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
28.09.2026, 12:21
Жеті күн ішінде қаржы есебі, он күнде арнайы жоспары дайын болу керек: Қарин әскердегі реформа туралы нақты даталарды атады
28.09.2026, 15:35
Қазақстан аумағында бір күнде үш мәрте жер сілкінді