$ 516.01  582.47  6.26
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Астанадан Жеңіс күніне арналған тақырыптық пойыздар жолға шықты

Акцияның басты мақсаты –  батырлардың рухына тағзым ету

Астанадан Жеңіс күніне арналған тақырыптық пойыздар жолға шықты

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Астанадағы теміржол вокзалдарынан арнайы безендірілген пойыздар – «Астана–Алматы» бағытындағы Talgo №3/4 және «Астана–Атбасар» бағытындағы №6803 электропойызы сапарға аттанды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Акцияның басты мақсаты – Ұлы Отан соғысы жылдарында ерен ерлік көрсеткен қазақстандық батырлардың рухына тағзым етіп, тарихи жадыны жаңғырту.

Пойыз вагондары атақты қаһармандар – Бауыржан Момышұлы, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Рахымжан Қошқарбаев және өзге де ерлердің бейнелерімен безендірілген. Платформадағы атмосфера мен вагон ішіндегі көркемдік әрлеу жолаушыларды тарихи рухқа бөлеп, ерекше әсер сыйлады.

«Ұлттық тасымалдаушы ретінде «Жолаушылар тасымалы» АҚ жыл сайын мемлекеттік және ұлттық мерекелерге орай осындай тақырыптық пойыздарды ұйымдастырады. Бұл бастама тарихи жадты жаңғыртып қана қоймай, жолаушыларға сапар барысында ерекше көңіл-күй сыйлайды. Арнайы безендірілген пойыздар мамыр айының соңына дейін қатынайды», – делінген компания таратқан хабарламада.

Тақырыптық пойыздар тек көлік құралы емес, сонымен қатар батырлар ерлігіне тағзым етудің көрінісіне айналды.

Серіктес жаңалықтары