$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
07.06.2020, 04:27
Жаңалықтар

Футболдан Қазақстан чемпионаты 1 шілдеде жалғасады

Бұл туралы «Астана» футбол клубының әлеуметтік желідегі парақшасында хабарланды

Футболдан Қазақстан чемпионаты 1 шілдеде жалғасады
Фото: ашық дереккөзден

Футболдан Премьер-лига командалары арасындағы Қазақстан чемпионаты 1 шілдеде жалғасады. Бұл туралы «Астана» футбол клубының іnstagram аккаунтында хабарланды, деп жазады Azattyq Rýhy тілшісі.

Доп додасы бұрынғыдай үш айналым арқылы өткізілмейді. Командалар енді екі айналым бойынша сынға түседі.

«Футбол қайтып оралады. Ойынды өткізудің алдын ала бекітілген ресми датасы - 1 шілде. Матчтардың кестесі осы уақытқа қарай жасалады», - деп жазылған хабарламада.

Естеріңізге сала кетсек, Премьер-лига командалары арасындағы Қазақстан чемпионатының алғашқы екі туры ойналып кеткен еді. Одан кейін коронавирус инфекциясы қаупінің алдын алу мақсатында қалған ойындар кейінге шегерілді.

Серіктес жаңалықтары