7 маусымға арналған ауа райы болжамы
Жексенбі күні еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады

7 маусымда елімізде ауа райы құбылмалы болады. Батыс пен шығыстың кей жерлерінде күн күркіреп, жаңбыр жауады. Қазақстанның қалған аумағында күн ашық, кей жерлерде жел күшейіп, оңтүстік пен оңтүстік батыста шаңды дауыл тұруы ықтимал, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Түркістан облысының кей жерлерінде жел 15-20, екпіні 23 м/с, сондай-ақ шаңды дауыл соғуы мүмкін.
Жамбыл, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетіп, шаңды дауылмен күшейеді.
Қызылорда, күндіз Алматы, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде желдің екпіні 15-20 м/с болады.
Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, жел 18 м/с күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде күн күркірейді.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең кей жерлерінде тұман түседі.
Қызылорда, Жамбыл облыстарында, Түркістан, Қарағанды, Алматы, Ақмола, Павлодар облыстарының кей жерлерінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі күтіледі.