$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
07.06.2020, 01:53
Жаңалықтар

Нұр-Сұлтан полициясы карантин тәртібіне қатысты мәлімдеме жасады

Олар тұрғындарға санитарлық шараларды қатаң сақтау қажеттігін ескертті

Нұр-Сұлтан полициясы карантин тәртібіне қатысты мәлімдеме жасады
Фото: ашық дереккөзден

Елорда тұрғындары санитарлық нормаларды бұзған жағдайда, қатаң карантиндік режим қайта енгізілуі мүмкін, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаментіне сілтеме жасап.

«Біз азаматтардан бетперде киіп, қашықтықты сақтап, антисептиктерді жиі қолдануды сұраймыз. Себебі сіз вирустық инфекцияны тасымалдаушы болуыңыз мүмкін және вирус жұқтырғаныңызды білмеуіңіз де мүмкін. Егер адам өзінің ауру екенін біле тұрып бетперде тақпай, адамдарға жұқтыруды жалғастырса, оған қарсы қылмыстық жауапкершілік қарастырылады. Санитарлық нормалар бұзылған жағдайда қала қатаң карантиндік режимге оралуға мәжбүр болады», - деп жазылған хабарламада.

Полиция департаменті қазіргі кезде Нұр-Сұлтан қаласында халық көп жиналатын жерлерде іске асырылып жатқан санитарлық шараларға түсіністікпен қарауды сұрайды. Ол жерлерде дезинфекция жұмыстары жалғасып жатыр.

Серіктес жаңалықтары