Астанада Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парад өтеді
Парадтың тікелей көрсетілімі сағат 10:45-те басталады

Бүгін Астанадағы «Қазақ елі» алаңында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған салтанатты әскери парад өтеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақордаға сілтеме жасап.
Мерекелік шараға Вьетнам Социалистік Республикасының басшысы, Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы То Лам ресми сапармен қатысады.
Парадтың тікелей көрсетілімі сағат 10:45-те басталады. Трансляция республикалық телеарналарда, Астанада және барлық облыс орталықтарында орнатылған LED-экрандарда, сондай-ақ Ақорданың Facebook, YouTube және Telegram желілеріндегі ресми парақшаларында жүргізіледі.
Салтанатты шарада әскери бөлімшелердің шеруі мен әскери техника көрсетілімі жоспарланған. Бұл – ел тарихындағы маңызды мерейтойлық датаға арналған ірі патриоттық іс-шаралардың бірі.