07.05.2025, 00:31
Жаңалықтар
Бурак Өзчивит Алматыда тұсау кесіп жүр (ВИДЕО)
Кино жұлдызына Қуаныш Шынтеміров есімді азамат ұлының тұсауын ырымдап кестірген
Фото: instagram.com/burakozcivit/
Түріктің танымал актері Бурак Өзчивит Алматыда тұсау кесіп жүр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy КТК-ға сілтеме жасап.
Ол кино индустриясымен қатар, той бизнесіне көшкен сыңайлы.
Кино жұлдызына Қуаныш Шынтеміров есімді азамат ұлының тұсауын ырымдап кестірген. Актерға ұқсап өнерлі, талантты, танымал болсын деген ниетпен. Бұған бірақ желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді. Көбі «енді жетпегені осы еді» деп, түрік актерін сынға алып жатса, енді бірі қолдау білдірген. Ал бүлдіршіннің әкесі қазақы салт-дәстүрге сай, сый-құрметін көрсетіп, Буракқа алғысын білдірді.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді
