Душанбелік балгер жас клиенттерін өзімен жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлеген
Әйел еркектердің діни сенімін пайдаланған

Тәжікстанда 45 жастағы балгер діни рәсімдерді желеу етіп, клиенттерін өзімен жыныстық қатынасқа түсуге көндірген. Бұған дейін айыппұл салынғанына қарамастан, ол елде тыйым салынған іспен айналысуды тоқтатпаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy tajikistan_news-ке сілтеме жасап.
Душанбеде Рудаки ауданының тұрғыны клиенттерін азғырғаны үшін ұсталды. 45 жастағы әйел бұған дейін елде тыйым салынған көріпкелдікпен айналысқаны үшін екі рет айыппұл төлеген.
Алайда ол өз жұмысын тоқтатқан жоқ.
«Тергеу дерегі бойынша әйел өзіне жүгінген азаматтардың, бірінші кезекте жас жігіттердің сенімін пайдаланып, «діни рәсімдерді» желеу етіп, оларға қатысты жыныстық сипаттағы әрекеттер жасаған», - делінген хабарламада.
Нәпсіқұмар балгер қамауға алынды. Оның үстінен діни немесе өзге де нанымдарды пайдалана отырып, сексуалдық сипаттағы әрекеттер жасағаны үшін қылмыстық іс қозғалды.