$ 509.26  574.75  6.46
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Астанада 78 мыңнан астам адам шетелге шыға алмай қалуы мүмкін

Төленбеген көлік салығының көлемі 3,2 миллиард теңгеге жеткен

Астанада 78 мыңнан астам адам шетелге шыға алмай қалуы мүмкін
Фото: pixabay

Астанада 78 мыңнан астам адам мемлекетке 3,5 миллиард теңге қарыз. Соның салдарынан берешегін өтемеген азаматтар шетелге шыға алмай қалуы мүмкін, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Almaty.tv мәліметінше қарыздың негізгі бөлігі көлік салығына тиесілі. Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері оның көлемі шамамен 3,2 миллиард теңгеге жеткенін хабарлаған. Ал мүлік салығы бойынша қарыз 292 миллион теңгені құрапты.

«Берешегі бар салық төлеушілердің жалпы саны 78 мыңнан асады. Сіз қарыздың бар-жоғын мемлекеттік кірістер комитетінің ресми сайтында, электронды үкімет порталы және де  eSalyq Azamat мобильді қосымшасы арқылы тексере аласыз. Елден шығуға уақытша шектеулердің бар-жоғы Әділет министрлігінің сайтында қолжетімді», – деді Нұра ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары Айдос Сыдықов.

Серіктес жаңалықтары