$ 540.87  632.01  6.76
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Мен сияқтылар киноны «бардак» қылды – Қанат Әлжаппаров (ВИДЕО)

Ол киноның адамы емес екенін, бірақ кино түсірушілер қомақты ақша ұсынса, одан бас тарта алмайтынын жасырмады

Мен сияқтылар киноны «бардак» қылды – Қанат Әлжаппаров (ВИДЕО)
Фото: instagram.com/alzhapbarov

Танымал әзілкеш Қанат Әлжаппаров бүгінде жеңіл әзілге құрылған кинолардың көбейіп кеткенін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Нағыз кино деп «Титаник», «Өкіл әке», «Менің атым қожа», Қыз жібек», «Тақиялы періште» фильмдерін айтуға болады. Қазіргі кинолар да жаман емес, бірақ ыржың-тыржың көп. Мен сияқтылар келіп, киноны «бардак» қылды», - дейді Қанат Әлжаппаров.

Ол өзін киноға түсуге шақыратындарға таңғалатынын жасырмады.

«Бармаймын десем де шақырады. Мен негізі киноның адамы емеспін ғой. Кино түсірушілер қомақты ақша ұсынады. Сосын амал жоқ барасың. Бұл жерде дүние ғой. Сонда біз пәленбай миллионға қазақ киносын құртып жатырмыз, көрдің бе?! Біз киноға үлес қосайын деп жүрген жоқпыз, дүние үшін келдік. Ертең өнер академиясынан небір таланттар шығады, солар үлесін қосар, біз дүниенің қамымен жүрген адамдармыз», - деп мойындады әзілкеш.

Серіктес жаңалықтары