$ 518.53  588.17  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматы циркінің әртістері Гиннестің рекордтар кітабына енді

Олар Миландағы Lo Show Dei Record халықаралық шоуында рекорд орнатты

Алматы циркінің әртістері Гиннестің рекордтар кітабына енді

Алматы циркінің әртістері ең қиын трюкті жарты минуттың ішінде көрсетіп, Гиннестің рекордтар кітабына енді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Батыр Жанұзақ пен Марлен Маратов Миландағы Lo Show Dei Record халықаралық шоуында рекорд орнатты.

Миланда өткен халықаралық Lo Show Dei Record шоуында олар «Басында қолымен тік тұрған адаммен бірге сатымен жылдам уақытта көтеріліп-түсу» номинациясы бойынша бірегей рекорд орнатты.

«Бұл естен кетпес сәт болды. Біз бұл қойылымға ұзақ уақыт және тынбай дайындалдық. Ал бүкіл зал тұрып қол шапалақтаған кездегі әсерді сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Біз үшін бұл рекордтан да маңызды. Бұл біздің бүкіл командамыздың, жұмысымыздың және цирк өнеріне деген сүйіспеншілігіміздің белгісі болмақ. Бізге сенген жандардың барлығына алғыс айтамыз», - деді Батыр Жанұзақ пен Марлен Маратов.

Серіктес жаңалықтары