$ 510.59  578.91  6.37
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Тағдыры тарихқа айналған...»: Астанада даңқты батыр Әлмұқан Сембиновке арналған кітаптың тұсаукесері өтті

Айтулы шара Жеңістің 80 жылдығына арналып отыр

«Тағдыры тарихқа айналған...»: Астанада даңқты батыр Әлмұқан Сембиновке арналған кітаптың тұсаукесері өтті
Фото: Мемлекеттік архив

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай даңқты батыр Әлмұқан Сембиновке арналған «Тағдыры тарихқа айналған...» атты кітаптың тұсауы кесіліп, шара аясында «Ерлік дастаны» атты тарихи-деректі көрме өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy

Әлмұқан Сембиновке арналған кітап төрт бөлімнен тұрады. Алғашқысы «Сембинов сөйлейді». Мұнда батырдың соғыстан кейінгі мақалалары топтасқан. Өзінің қолжазбасы мен газет бетіне шыққан материалдары осы кітапқа қосылып отыр. Екінші бөлімі «Суреттер сыр шертеді» деп аталады. Оның бала күнінен бастап, батырға дейінгі жолы суреттер арқылы берілген. Себебі, кешегі сурет – бүгінгі тарих. Ал, тарих өткеніңді есіңе түсіреді.

Үшінші бөлім «Сарғайған сары парақтар» деп аталады. Мұнда Ә.Сембиновтың майдан даласы мен елдің өсіп-өркендеуіне қосқан үлесі құжаттарға негізделіп беріледі. Құнды құжаттар тізбегі осы бөлімді толық қамтиды.

Өз айтары бар айдардың бірі де бірегейі – төртінші бөлім «Әлмұқанның әлемі» деп аталады. Мұның ерекшелігі майдангердің қыры мен сыры жайында көзін көргендер мен майдандас достары, өзінен кейінгі інілері қалам тербейді. Оның ерлігін насихаттауға атсалысады. Былайша айтқанда батырдың бейнесін толық ашуға тырысады.                                                                                                                        

 «Ерлік дастаны» көрмесінде Астана  қаласының мемлекеттік архивінің құжаттары мен материалдары  негізінде  Екінші  дүниежүзілік  соғыс жылдарында Ақмола өңірі бойынша  құрылған әскери құрамалар, жауынгерлер тағдыры мен олардың майдандағы әскери іс-қимыл  бағыттары және ұрыс алаңдарындағы ерлігі, тылдағы тұрғындардың орасан зор еңбегі, өңірдің әлеуметтік-экономикалық стратегиялық маңызын айғақтайтын дереккөздер қамтылған.

 

Серіктес жаңалықтары