$ 510.19  582.79  6.46
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Павлодар облысында алаяққа алданып қалған ауыл тұрғынына полицейлер көмектесті

Жәбірленуші полиция қызметкерлеріне жедел әрекет еткені және көрсеткен көмегі үшін алғыс білдірді

Павлодар облысында алаяққа алданып қалған ауыл тұрғынына полицейлер көмектесті
Фото: istockphoto.com; Павлодар облысы ПД

Павлодар облысында полиция қызметкерлері алаяқтардан зардап шеккен адамның ақшасын қайтаруға көмектесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Шарбақты ауданының полиция бөліміне интернет-алаяқтардың құрбаны болған жергілікті тұрғыннан өтініш түсті. Алаяқтарға алданып қалған әйел адам қомақты соманы бөліп төлеуді ресімдеп жіберген. Алайда, полицейлердің жедел жұмысының арқасында ақша келесі күні қайтарылды.

«Тергеуші Гүлден Адамова мен жедел уәкіл Саят Рашитов дереу істі қарауға кірісті, оқиғаның мән-жайын жедел анықтап, қажетті шараларды қабылдады. Олардың кәсібилігі мен үйлесімді жұмысының арқасында жәбірленуші қиындығынан құтылд», - делінген облыстық ПД хабарламасында.

Жәбірленуші полиция қызметкерлеріне жедел әрекет еткені және көрсеткен көмегі үшін алғыс білдірді.

«Маған осындай қиын жағдайда көмектескендеріңізе өте ризамын. Сіздердің арқаларыңызда өз ақшам өзіме қайтып келді, мен өзімді шынымен қорғауда тұрғандай сезіндім. Жұмыстарыңыз бен адамгершіліктеріңіз үшін рақмет», — деп жазды ауыл тұрғыны.

Серіктес жаңалықтары