06.06.2020, 21:11
Жаңалықтар
Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 6,7 миллионнан асты
COVID-19 инфекциясынан 394 мыңнан астам адам көз жұмды
Фото: ашық дереккөзден
Джон Хопкинс университетінің мәліметтері бойынша, 6 маусымда әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 6,7 миллион адамнан асты. Инфекциядан 394 мыңнан астам адам қаза тауып, 3 миллионға жуық адам жазылып шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Вирус жұқтырғандар ең көп тіркелген мемлекеттер:
- АҚШ - 1,9 миллионға жуық адам жұқтырды, 109 мыңнан астам адам қайтыс болды;
- Бразилия - 615 мыңға жуық адам жұқтырды, 34 мыңнан астамы қайтыс болды;
- Ресей - 450 мыңға жуық адам жұқтырды, 5520 адам қайтыс болды;
- Ұлыбритания - 284 мыңнан астам адам жұқтырды, 40 мыңнан астам адам қайтыс болды;
- Испания - 241 мыңға жуық адам жұқтырған, 27 мыңнан астамы қайтыс болды.
Ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) ұсынған мәлімет бойынша, әлемде COVID-19 жұқтырғандар саны 6,5 миллионнан асып, 387 мыңнан астам адам қайтыс болды.
Көп оқылған
07.10.2026, 16:45
Қазақ ғалымдары шұжықтың ішіндегі ит пен мысық, тышқан мен шошқаның етін лезде анықтайтын тест ойлап тапты
07.10.2026, 11:58
Тоқаев қорғаныс министрінің тағы бір орынбасарын жұмысынан қуды
07.10.2026, 10:58
Миллиардтаған ақшаны ысырап етпек болған: Қазақстан жолдарын жөндеу кезіндегі былықтың беті ашылды
07.10.2026, 13:46
Алматыда ер адам бұрынғы сүйіктісін интимді суреттеріңді таратып жіберемін деп бопсалаған (ВИДЕО)
07.10.2026, 09:48
Қазақстанда алдағы бірнеше күнде ауа райы 27 градусқа дейін жылынады