ШұғылЕлімізде тағы 1726 адамнан COVID-19 вирусы анықталды

Әлемде бір күнде 120 мыңға жуық адамнан коронавирус анықталды

Әлем бойынша COVID-19 жұқтырғандар саны 6,5 млн адамға жетті

Фото: ашық дереккөзден

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бір күнде әлем бойынша 120 мың адамнан коронавиус анықталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Агенттіктің хабарлауынша, бір күнде коронавирустан 4,3 мыңға жуық адам қайтыс болып, олардың жалпы саны 387 мыңға жеткен.

«Әлемде коронавирус жұқтырған 6,5 млн-нан астам адам тіркелді. COVID-19-дан 387 155 адам қаза тапқан. Осылайша, бір күнде 118 526 адамнан COVID-19 анықталса, бұл індеттен бір күнде 4 288 адам қаза тапты», - деп жазады агенттік.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының статистикасы тек ресми деректерге негізделген. Әлемде коронавирус зұқтырғандардың саны бойынша АҚШ бірінші орында тұр (1 837 803). Одан кейінгі орындарда Бразилия (584 016), Ресей (449 834), Ұлыбритания (281 665), Испания (240 660), Италия (234 013), Үндістан (226 770), Германия (183 271), Перу (178 914) және Түркия (167 470) бар.

Сұхбат
Себебі су тасымалдайтын ирригациялық жүйенің әбден тозығы жеткен 
Юрий Ким адамдарды жаппай егу нәтижесінде індет 2023 жылы тоқтауы мүмкін дегенді айтты
Бүгінге дейін облыста COVID-19  вирусын жұқтырған 613 адам тіркелді
Бүгін сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары тоқтады