03.05.2025, 12:12
Жаңалықтар
3 мамыр күні Астанада ауа қатты ластанады
Бұл тұрғындардың денсаулығына кері әсер етуі мүмкін
Фото: © istockphoto.com
Астанада 3 мамыр күні қолайсыз метеожағдайлар салдарынан ауа сапасы нашарлауы мүмкін, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидромет» РМК деректеріне сілтеме жасап.
Синоптиктердің болжамына сәйкес, түнгі уақытта елордада атмосфералық ауаның ластануына әкелетін қолайсыз метеорологиялық жағдайлар қалыптасады.
Мұндай жағдайлар – желсіздік, әлсіз жел, тұман және инверсия тәрізді қысқа мерзімді табиғи құбылыстардың үйлесімі нәтижесінде пайда болады. Олар зиянды заттардың ауада шоғырлануына ықпал етіп, тұрғындар денсаулығына кері әсер етуі мүмкін.
Мамандар тұрғындарға сыртқа шыққанда сақ болуға және қажет жағдайда қорғаныш құралдарын қолдануға кеңес береді.
Көп оқылған
15.08.2026, 13:50
Ұлдана Мырзуанның анасы күйеу баласының әрекеті мен 20 млн теңгеге қатысты дау туралы айтты
15.08.2026, 07:22
15 тамызда ауа райы қандай болады
15.08.2026, 06:17
Атырауда 8 магнит жұтып қойған тоғыз жасар қызға шұғыл ота жасалды
15.08.2026, 10:13
Еліміздің үш қаласында ауа сапасы нашарлайды
15.08.2026, 08:24
Түркістан облысының тұрғыны сәбиін өлтіргені үшін бас бостандығын шектеу жазасын алды
15.08.2026, 10:00
Тоқаев Үндістанның Премьер-министріне құттықтау хатын жолдады