$ 516.16  584.86  6.25
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Екі бірдей шақалақ Екібастұздан Павлодарға тікұшақпен шұғыл эвакуацияланды

Балаларға шұғыл медициналық көмек қажет болған

Екі бірдей шақалақ Екібастұздан Павлодарға тікұшақпен шұғыл эвакуацияланды
Фото: ТЖМ

2 мамыр күні Екібастұз қаласынан Павлодарға екі бірдей шақалақ арнайы тікұшақпен жеткізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министрлік мәліметінше, «Қазавиақұтқару» әуе бөлімі екі нәрестені шұғыл түрде медициналық эвакуациялау жұмыстарын жүргізген. Балаларға шұғыл әрі мамандандырылған медициналық көмек қажет болған.

«Тікұшақ экипажының жедел әрекеті мен медицина бригадасының үйлесімді жұмысының арқасында тасымалдау сәтті және қауіпсіз өтті. Павлодарға қонғаннан кейін балалар бірден медицина қызметкерлеріне тапсырылып, облыстық ауруханаға жеткізілді», – делінген хабарламада.

Төтенше жағдайлар министрлігі атап өткендей, «Қазавиақұтқару» шұғыл әрі күрделі жағдайларға жедел әрекет етіп, халыққа көмек көрсетуді жалғастырып келеді.

Серіктес жаңалықтары