03.05.2025, 11:07
Жаңалықтар
Сәтбаевта өрт шыққан пәтерден үш адам эвакуацияланды
Оның ішінде бір бала бар
Фото: depositphotos.com
Сәтбаев қаласында құтқарушылар өрт шыққан пәтерден үш адамды, соның ішінде бір баланы аман алып шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға Улытау көшесінде орналасқан төрт қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатында болған. Өрт шыққаны туралы хабар түскен бойда оқиға орнына өрт сөндірушілер жедел жетіп, үш иінді баспалдақтың көмегімен балкон арқылы пәтерге кірген.
«Құтқару операциясы барысында үш адам, оның ішінде бір бала эвакуацияланды», – деп мәлімдеді ведомстводан.
Өрт 25 минут ішінде толық сөндірілді. Қазір өрттің шығу себебі анықталуда.
Көп оқылған
13.09.2026, 21:23
«Күліп жүрген адамның бәрі бақытты емес»: танымал әнші басына түскен ауыр жағдайды айтты (ВИДЕО)
13.09.2026, 17:34
Өз үйін шатастырып алған: Қосшыда тұрғындардың мазасын алған 46 жастағы азамат ұсталды
13.09.2026, 13:15
Астанада шетелдік блогермен видеоға түскен полицейлер жұмыстан қуылды
13.09.2026, 20:16
Өскеменде Ертіс өзеніне секіріп кеткен ер адамның мәйіті бірнеше аптадан соң табылды
13.09.2026, 23:07
Семейде әйел адамның аяғы эскалаторға қысылып қалды (ВИДЕО)