$ 538.03  629.23  6.74
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Есікте түрмеден жазасын өтеп шыққан адам түнгі клубта төбелес шығарғаны туралы ақпарат тарады (ВИДЕО)

Төбелеске кім кінәлі екені әзірге белгісіз

Есікте түрмеден жазасын өтеп шыққан адам түнгі клубта төбелес шығарғаны туралы ақпарат тарады (ВИДЕО)
Фото: Видеодан скрин

Алматы облысындағы түнгі клубтардың бірінде түрмеден жазасын өтеп шыққандар жаппай төбелес шығарғаны туралы ақпарат тарады. Оқиға 26 сәуір күні кешкі уақытта болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиғаның барысы Instagram-дағы egov.press аккаунтында жарияланды. Куәгерлер қақтығысқа қатысушылардың бірі жақында түрмеден шыққанын жазды.

Полиция бұл ақпаратты растаған да, жоққа да шығарған жоқ. Бар болғаны бұл оқиға бойынша полицейлер қылмыстық іс қозғап, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

«Жанжал 26 сәуірде Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласындағы ойын-сауық мекемелерінің бірінде болғаны анықталды. Оқиғаға қатысушылардың барлығы дереу анықталды. Полицейлер мұндай заң бұзушылықтарға принципті және қатал әрекет етеді. Күш қолдану арқылы қоғамдық тәртіпті бұзу жазасыз қалмайды», - деп хабарлады Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ полиция жанжалды бастаушы уақытша ұстау изоляторына қамалғанын айтты. Оқиғаның қалған қатысушыларына жан-жақты және толық тергеу аясында құқықтық баға беріледі.

Серіктес жаңалықтары