$ 509.51  570.6  6.3
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Атырау тұрғындарынан алтын ұрлаған күдіктілер қолға түсті

Олардың кемінде 3 үйді тонағаны анықталды

Атырау тұрғындарынан алтын ұрлаған күдіктілер қолға түсті
Фото: Атырау облысының Полиция департаменті

Атырау қаласында тұрғын үйлерден алтын ұрлаған күдіктілер қолға түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Атырау қаласында №2 полиция бөлімінің Криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері тұрғын үйлердің пластикалық терезесін белгісіз затпен ығыстырып ашу арқылы үй ішінен бағалы заттарды, алтын бұйымдарды, әртүрлі купюрадағы ақшаларды ұрлаған екі күдікті ұсталды.

Тексеру барысында күдіктілер ұрлаған алтын бұйымдарды қала аумағында орналасқан әртүрлі ломбард мекемелеріне тапсырғаны белгілі болды. Сондай-ақ, олардың осыған ұқсас тұрғын үй-жайға заңсыз кіру арқылы 3 қылмысқа қатысы бары анықталды.

«Қазіргі уақытта екі күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасы, ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі», - делінген облыстық ПД хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары