02.05.2025, 10:55
Жаңалықтар
Оралда тоқ соғып, денесінің 95 пайызын күйік шалған 9 жасар бала көз жұмды
9 жасар бала далада ойнап жүріп электр тогына түскен
Фото: freepik.com
Батыс Қазақстан облысында денесінің 95 пайызын күйік шалған 9 жасар баланың көз жұмды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі «Мой город» басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы баланың алған жарақатынан аман қала алмағанын мәлім етті.
Ведомство 1 мамыр күні сағат 23:55-те электр тоғынан жарақат алған баланың өлімі тіркелгенін хабарлады.
9 жасар бала далада ойнап жүріп электр тогына түскен. Ол ұшып кеткен добын алу үшін трансформатордың төбесіне шығып, төмен түсіп бара жатқанында сымдарға тиіп, қатты тоқ соққан.
Ол 4-дәрежелі күйікпен және денесінің 95 пайызын зақымдап ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер оның жағдайы өте ауыр екенін айтты.
Көп оқылған
12.10.2026, 09:31
Алматыда еңгезердей төрт еркек 60-тан асқан ер адамды өлтіріп, үйінен қара пакетпен алып шыққан (ВИДЕО)
12.10.2026, 10:53
Елді елең еткізген: Дариға Бадықова мен Олжас Абайдың некесі, Қайрат Нұртастың концертіндегі былық
12.10.2026, 06:29
Тұрғындардың ақшасын тәттілер мен барға жұмсаған: ПИК төрағасына қатысты қылмыстық іс тоқтатылды
12.10.2026, 11:59
Қазақстанда алдағы үш күнде қар аралас жаңбыр жауады