$ 516.16  584.86  6.25
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

БҚО-да 9 жасар баланы тоқ соғып, денесінің 95 пайызын күйік шалды

Бала сымдарға тұрып қалған добын алу үшін электр қосалқы станциясының төбесіне шыққан

БҚО-да 9 жасар баланы тоқ соғып, денесінің 95 пайызын күйік шалды
Фото: istockphoto.com

Оралда көпқабатты үйдің ауласында ток соққан тоғыз жасар баланың денесін 95 пайыз күйік шалды. Бала шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі «Мой город» басылымына сілтеме жасап.

Оқиға 30 сәуір күні кешке Исатай-Махамбет көшесіндегі көпқабатты үйдің ауласында болған.

Куәгерлердің айтуынша, бала сымдарға тұрып қалған добын алу үшін электр қосалқы станциясының төбесіне шыққан. Міне осы жерде оқыс оқиға болып, тоқ соққан. Бала шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді.

Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі кішкентай науқастың жағдайы ауыр деп хабарлады.

«Ол қазір облыстық көпсалалы балалар ауруханасында, механикалық желдетуде жатыр. Жағдайы ауыр. Төртінші дәрежелі күйік, денесінің 95%-ы зақымданған», - деп хабарлады ведомстводан.

Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті оқиғаның себептерін полиция анықтап жатқанын хабарлады. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Орал #тоқ соғу