$ 540.87  632.01  6.76
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жүргізуші куәлігінен өмір бойына айырылған: ШҚО-да мас жүргізуші сотталып кетті

Ол осыған дейін жүргізуші куәлігінен өмір бақи айырылған

Жүргізуші куәлігінен өмір бойына айырылған: ШҚО-да мас жүргізуші сотталып кетті
Фото: Freepik.com

ШҚО-ның Үлкен Нарын аудандық сотында жүргізу куәлігінен өмір бойына айырылғанына қарамастан мас күйінде көлік ұстаған адамға қатысты сот үкімі жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыстық сот мәліметінше, оған қатысты ҚР ҚК-нің 346-бабы 1-бөлігі бойынша (көлік құралын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сондай-ақ осындай адамға көлікті басқаруға беру не оған жол беру) қылмыстық іс қаралды.

«Сот тергеуі барысында 2025 жылы 4 наурызда шамамен сағат 13:30-да көлік құралын басқару құқығынан өмір бойына айырылғанына қарамастан, алкогольдік масаң күйде «ЛУАЗ» маркалы автокөлікті жүргізгені анықталған.

Сот отырысында сотталушы өз кінәсін толық мойындады. Сот оны кінәлі деп танып, оған 1 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру және өмір бойына көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасын тағайындады. Үкім заңды күшіне енді», - делінген сот хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары