Астананың сол жағалауындағы көше жөндеу жұмысына байланысты 4 айға жабылатын болды
Әкімдік осыған қатысты түсініктеме берді

Астанада сол жағалауындағы Ж.Молдағалиев көшесінің салынуына байланысты учаске 4 айға жабылатын болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Әкімдік мәліметінше, «Е-41 көшесінен Е32 (Әйтеке би) көшесіне дейінгі учаскеде Ж. Молдағалиев көшесінің құрылысы» жобасын іске асырыла басталады.
Осыған байланысты, 2025 жылғы 29 сәуір мен 30 тамыз аралығында жоғарыда аталған учаске бойынша қозғалыс толығымен жабылатын болады.
«Бұл ретте қозғалыс баламалы көшелер мен кварталішілік өткелдер бойынша ұйымдастырылатын болады.
Автобус маршруттарындағы өзгерістер схемасымен қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады», - делінген хабарламада.