БҚО-да түнгі уақытта жоғалып кеткен ана мен бала дрон арқылы табылды
Құтқарушылар 3 ұшқышсыз ұшу аппараты арқылы ана мен оның баласын тапты

Батыс Қазақстан облысында түнгі уақытта жоғалып кеткен ана мен бала дрон арқылы табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Құтқарушылар 3 ұшқышсыз ұшу аппараты арқылы ана мен оның баласын тапты.
ҚР ТЖМ мәліметінше, 1982 жылы туған әйел 2015 жылы туған ұлымен бірге БҚО Теректі ауданы Сарыөмір ауылынан Дуан ауылына қарай жеңіл автокөлікпен шығып, бағдарынан айырылып, құтқарушылардан көмек сұрады.
«Іздеу жұмысы тәуліктің қараңғы уақытымен және өтініш берушімен кенеттен жоғалып кеткен байланыстың себебінен қиындады. Жұмысты жеделдету мақсатында ТЖМ қосымша күштері мен құралдары, сондай-ақ 3 ұшқышсыз ұшу аппараты жұмылдырылды.
Жұмыла жасалған жұмыс нәтижесінде бала мен оның анасы Теректі ауданы Рыбцех ауылының маңында ақаулы көліктен табылды. Жоғалғандар медициналық көмекке мұқтаж болмай, елді мекенге жеткізілді», - делінген ҚР ТЖМ хабарламасында.