28.04.2025, 04:21
Жаңалықтар
Жуырда қайтыс болған Рим папасының шотындағы ақша қайда жұмсалатыны белгілі болды
Рим папасы 26 сәуір күні жерленді
Фото: Buda Mendes / Getty Images
Рим папасы Франциск өмірден өтер алдын Римдегі кәмелетке толмағандар түрмесінде жұмыс істейтін макарон фабрикасына өзінің жиып-терген 200 000 еуросын аударды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі The Economist басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Басылым мәліметінше, бұл қаражат фабриканың кредитін төлеуге жұмсалады. Сол сияқты понтификтің жеке шотында бас-аяғы осындай мөлшерде ақша болғаны анықталды.
Аталмыш басылымның ақпаратына сүйенсек, Франциск өзінің соңғы бұйрығында «шіркеу қоғамнан шет қалған жандарға жақын болуы керек» деген хабарды жеткізген.
Айта кетейік, Рим папасы Франциск 26 сәуірде жерленді. Жерлеу рәсімінің өзі аз ғана топтың қатысуымен өтті. Олардың құрамына бірнеше кардиналдар кірді
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді