27.04.2025, 20:07
Жаңалықтар
Қазақстандық гимнаст Әлем кубогының кезеңінде жеңімпаз атанды
Ол финалда 14,133 ұпай жинады
Фото: Ұлттық Олимпиада комитеті
Спорттық гимнастикадан қазақстандық спортшы Милад Карими Каирде (Мысыр) өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңінде жеңімпаз атанды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Olympic.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Спортшы еркін жаттығулар бағдарламасында топ жарды.
Финалда Карими 14,133 ұпай жинады. Екінші орынды болгариялық Эдди Пенев (13,966 ұпай), ал үшінші орынды украиналық Назар Чепурный (13,866 ұпай) иеленді.
Айта кетейік, бұл – Әлем кубогының соңғы кезеңі. Жалпы есепте де Карими еркін жаттығулар бойынша бірінші орынға ие болды. 28 сәуірде ол қоссырықтағы жаттығулардың финалында өнер көрсетеді.
Сондай-ақ 27 сәуірде ат снарядындағы жаттығуларда Нариман Құрбанов пен Зейнолла Ыдырысов та медаль үшін таласады.
Көп оқылған
08.10.2026, 11:18
Қазақстанда ауқатты отбасылардың 10 түрлі жәрдемақысы қысқарады: Үкімет қаулыны жариялады
08.10.2026, 09:00
Екі аптада не өзгерді: Каспийдегі трагедиядан кейін кімдер жұмысынан қуылды, кімдер қамалды
08.10.2026, 21:27
«Қазақстанда, үйінде отыр»: Непалдағы жойқын тасқын кезінде із-түссіз жоғалған бойжеткеннің біреуі аман-есен табылған
08.10.2026, 14:25
Астанада «Sardar group» компаниясы былтыр ғана салған үйден жаңбыр сорғалап тұр (ВИДЕО)