Димаш, Айқын, Мадина Сәдуақасова: танымал әншілердің бала күнгі фотолары жарияланды (ВИДЕО)
Әнші Садраддин Болат өнердегі әріптестерінің бала күнгі фотоларын көріп, кім екенін тапты

Желіде танымал әншілердің бала күнгі фотолары жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Әнші Садраддин Болат өнердегі әріптестерінің бала күнгі фотоларын көріп, кім екенін тапты.
Видеода алдымен Мадина Сәдуақасованың, содан кейін Димаштың, ары қарай Әсел Сәдуақасованың, Айқын Төлепбергеннің, Әли Окаповтың, Луинаның фотолары көрсетілді.
Садраддин әріптестерінің арасынан Мадина Сәдуақасованы ғана таба алған жоқ.
Алайда желі қолданушыларын әншінің қылығы ұнай қойған жоқ.
«Адам менсінбейтін болып кеткен бе?», «Кеудесі тандыр болып тұр ғой», «Өзінше болып емес, шаршап тұрғаны көрініп тұр ғой. Көздері жұмылып даусыда өзгеріп тұр», «Әп-әдемі болып тұр, өзіне жарасып тұр, жарайсың жігіт», - деп жазды желі қолданушылары.