27.04.2025, 18:10
Жаңалықтар
Александр Бублик Мадридтегі турнирде қазіргі чемпионды жеңді
Ол турнирдің төртінші кезеңіне өтті
Фото: Қазақстан теннис федерациясы
Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик ATP 1000 сериясындағы Мадридтегі топырақтағы турнирдің төртінші кезеңіне өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Қазақстанның теннис федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үшінші айналымда Бублик әлемнің жетінші ракеткасы Андрей Рублёвті 6:4, 0:6, 6:4 есебімен жеңді. Осылайша Александр 2002 жылы турнир алғаш ұйымдастырылғаннан бері ерлер арасындағы жеке сында қазіргі чемпионды бастапқы матчта жеңген екінші теннисші атанды. Бұған дейін бұл жетістікке 2004 жылы португалиялық Луис Орна қол жеткізген еді.
Төртінші айналымда Бублик чехиялық Якуб Меншикпен немесе америкалық Бен Шелтонмен кездеседі.
Көп оқылған
08.10.2026, 11:18
Қазақстанда ауқатты отбасылардың 10 түрлі жәрдемақысы қысқарады: Үкімет қаулыны жариялады
08.10.2026, 21:27
«Қазақстанда, үйінде отыр»: Непалдағы жойқын тасқын кезінде із-түссіз жоғалған бойжеткеннің біреуі аман-есен табылған
08.10.2026, 09:00
Екі аптада не өзгерді: Каспийдегі трагедиядан кейін кімдер жұмысынан қуылды, кімдер қамалды
08.10.2026, 14:25
Астанада «Sardar group» компаниясы былтыр ғана салған үйден жаңбыр сорғалап тұр (ВИДЕО)