$ 512.66  580.59  6.45
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Иранның оңтүстігіндегі портта тағы жарылыс болды

Алғашқы жарылыстан кемінде 25 адам қаза тапқан еді

Иранның оңтүстігіндегі портта тағы жарылыс болды
Фото: Mohammad Rasoul Moradi/Anadolu via Getty Images

Иранның Бендер-Аббас қаласындағы Парсы шығанағы жағалауында орналасқан портта қайта жарылыстар орын алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Tasnim агенттігіне сілтеме жасап.

Еске салсақ, осы портта бұған дейін болған алғашқы жарылыстан кемінде 25 адам қаза тауып, 1100-ден астам адам зардап шеккен еді.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, жарылыстың қатты дауысын Бендер-Аббас қаласы мен көршілес Кешм аралынан да естіген. Оқиға орнында қайтадан өрт шыққан. Сондай-ақ, порттағы бір ғимарат құлап қалғаны хабарланды.

Қазіргі уақытта порттың жұмысы толық тоқтатылды. Төтенше жағдайлар қызметі мен Иранның ішкі істер министрі Эскандар Момени оқиға орнына жетіп, апаттың салдарын жою жұмыстарын үйлестіруде.

Естеріңізге сала кетсек, жарылыс 26 сәуір күні тіркелді. Оның даусы 26 шақырым қашықтықтағы Кешм аралынан да естілген. Шахид-Раджаи порты – Иранның ең ірі порттарының бірі, ол арқылы елдің негізгі транзиттік жүктері өтеді. Жарылыстан кейін порттың жұмысы уақытша тоқтатылды. Кейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Иран президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады.

Серіктес жаңалықтары