26.04.2025, 18:58
Жаңалықтар
Иранда портта болған жарылыстан жүздеген адам зардап шекті
Жарылысқа жанармай құйылған цистернаның детонациясы себеп болуы мүмкін.
Фото: Reuters
Иранның оңтүстігінде орналасқан портта болған жарылыстан жүздеген адам жарақат алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy РБК агенттігіне сілтеме жасап.
Агенттіктің мәліметінше, Шахид-Раджаи портында (Бендер-Аббас қаласына жақын жерде) күшті жарылыс тіркелген. Жарылыс жергілікті уақытпен 12:30 шамасында порттың әкімшілік ғимаратында болған.
Соңғы деректерге сәйкес, оқиға салдарынан 406 адам түрлі деңгейде зардап шеккен.
Алдын ала мәлімет бойынша, жарылысқа жанармай құйылған цистернаның детонациясы себеп болуы мүмкін. Дегенмен, оқиғаның нақты себебі әзірге ресми түрде жарияланған жоқ.
Көп оқылған
23.09.2026, 09:43
Талдықорғанда 40-тан асқан әйел іш киіммен тікелей эфирге шығып, боғауыз сөздер айтқан (ВИДЕО)
24.09.2026, 15:22
Тоғыз сарбаз қаза тапты, тағы жетеуінен хабар-ошар жоқ: Ақтауға Қанат Бозымбаев аттанды
23.09.2026, 11:50
«Байыпсыз блогер мен кереғар коучке еліктейді»: депутат жастарға білім-ғылымды насихаттау мәселесін көтерді
23.09.2026, 15:33
Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады: үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды
23.09.2026, 16:38
Қазақстанда доллар бағамы 445 теңгеге дейін түсіп қалды