$ 516.01  582.47  6.26
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Иранда аза тұту күні жарияланды: жарылыстан 28 адам қаза тапты

Қазір өрттің 80%-ы сөндірілген

Иранда аза тұту күні жарияланды: жарылыстан 28 адам қаза тапты
Фото: Reuters

Иранның Шахид-Раджаи портында болған жарылыс салдарынан 28 адам қаза тауып, 1139 адам жарақат алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy IRNA агенттігіне сілтеме жасап.

Хормозган провинциясының губернаторы Мұхаммед Ашури аймақта үш күндік аза тұту күні жариялағанын мәлімдеді.

Иран үкіметінің өкілі Фатеме Мохаджеранидің айтуынша, өрттің 80%-ы сөндірілген, қалған 20%-ын толықтай оқшаулау жұмыстары жалғасып жатыр. Оның айтуынша, жағдай бақылауда.

The New York Times басылымының хабарлауынша, жарылысқа қатты отынды зымырандарда қолданылатын натрий перхлораты себеп болуы мүмкін. Associated Press деректеріне сүйенсек, жарылысқа қауіпті затты дұрыс сақтамау себеп болған. Порт бұл затты биыл наурыз айында қабылдап алған.

Жарылыс 26 сәуір күні тіркелді. Оның даусы 26 шақырым қашықтықтағы Кешм аралынан да естілген. Шахид-Раджаи порты – Иранның ең ірі порттарының бірі, ол арқылы елдің негізгі транзиттік жүктері өтеді. Жарылыстан кейін порттың жұмысы уақытша тоқтатылды. Кейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Иран президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады.

Серіктес жаңалықтары